$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Қазақстанда «екінші Қашаған» болуы мүмкін ірі кен орны табылды

Абдрахманов Мағжан
03 сәуір 2026, 11:44
Қазақстанда «екінші Қашаған» болуы мүмкін ірі кен орны табылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанда Қашаған кен орнымен шамалас ірі мұнай қоры бар жаңа кен орны табылды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев Астанада өткен геологиялық форумда мәлімдеді.

Оның айтуынша, геологиялық барлау жұмыстары Қаратон, Қажығали және Жылыой учаскелерін қамтитын Жылыой карбонат платформасында жүргізілген.

– Ашылған Қаратон, Қажығали және Жылыой карбонатты массиві Қашаған кен орнының құрылымын қайталайды. Массивтің ресурстық әлеуеті – 4,7 млрд тонна көмірсутек. Бұл Қашағанның геологиялық әлеуетімен шамалас. Бірақ Қашаған теңізде орналасқандықтан шығын көп, ал бұл массив құрлықта орналасқан, сондықтан жобаның шығыны айтарлықтай төмен болады, – деді Құрманғазы Есқазиев.

Жалпы Жылыой карбонатты массивінің ресурстық әлеуеті 20 млрд тонна шартты отынға бағаланып отыр.

Қаратон учаскесінде 5750 метр тереңдікке дейін ұңғыма бұрғыланып, оң нәтиже алынған және бес перспективалы нысан анықталған. Енді барлау жұмыстары Қажығали учаскесінде жалғасады.

Жоба қолданыстағы өнімді бөлу туралы келісімдерге кірмейді және жеке жоба ретінде жүзеге асырылады. Жобаға серіктес ретінде басқа компаниялар, оның ішінде «Татнефть» тартылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар