$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Қазақстанда бір сотталушыны асырауға жылына қанша теңге жұмсалады

Редакция
03 сәуір 2026, 15:34
Қазақстанда бір сотталушыны асырауға жылына  қанша теңге жұмсалады Сурет авторы: Sputnik

Қазақстан бюджетінен бір сотталушыны ұстау шығыны жылына 3 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі уақытта еліміздегі 30 мың сотталушының әрбір үшіншісі бұрын жазасын өтегендер болып табылады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қадағалау органы сотталғандарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік бейімделуін тиімдірек ұйымдастыруды ұсынып отыр.

Осыған байланысты Бас прокуратура заңнамаға тиісті түзетулер енгізуге бастамашы болды. Жаңа ережелерге сәйкес, сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу (ресоциализация) функциялары әкімдіктерге жүктеледі. Ал бұл жұмысты үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілмек. Ведомство бұл бастаманы қолдап отыр.

Бас прокуратура мұндай шаралар әлеуметтік бейімдеудің біріңғай механизмін құруға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға оң ықпал ететініне сенімді.

Соңғы жаңалықтар