$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстанда бір өзі 116 несие рәсімдеген әйел анықталды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3452
Қазақстанда бір өзі 116 несие рәсімдеген әйел анықталды Сурет авторы: Halyq Uni

Бұл мәліметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылға арналған қарыз алушы жеке тұлғалар туралы талдауында келтірді.

Орташа алғанда, ерлер мен әйелдер екі қарыздан алады, алайда әйелдерде көптеген ұсақ қарыздар ресімдеу беталысы байқалады. 

Әйелдер арасында ең көп несие алған азаматшаның несие саны ерлер арасында ең көп алған азаматтан екі еседей асып түсті. 

“2023 жылы бір ғана ер адам алған қарыздардың ең көп саны – 69 заемды құрады. Бұл алдыңғы жылғы ең көп қарыз алған ер адамнан 10 несиеге кем. Ал әйелдер арасында ең көп қарыз алған адам өзгермей қалды және ол 116 заемға ие”, – делінген есепте.

Соңғы жаңалықтар