$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады

Абдрахманов Мағжан
29 қаңтар 2026, 12:27
Қазақстанда бір грамм алтын қанша тұрады Сурет авторы: Yevgeniy Sambulov/Getty Images

Ұлттық банктің дерегінше, Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 82 164,45 теңгеге жетті.

Салыстыру үшін айтсақ, 2026 жылдың басында елдегі алтынның бір граммы 71 300,21 теңге болған. Осылайша, қысқа уақыт ішінде қымбат металл бағасы айтарлықтай өскен.

Әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи шегіне жетті. 26 қаңтарда алтынның бір троя унциясы алғаш рет 5 мың доллардан асып, кейін 5 200 долларға дейін қымбаттаған.

Сарапшылар мұны АҚШ долларының әлсіреуімен, геосаяси тұрақсыздықтың сақталуымен және жаһандық экономикалық белгісіздікпен байланыстырып отыр. Қаңтар айының өзінде алтын бағасы әлемдік нарықта шамамен 20 пайызға өссе, соңғы бір аптада 5 пайыздан астам қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар