$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанда баспана жалға берушілер салық төлеуге міндетті

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1414
Қазақстанда баспана жалға берушілер салық төлеуге міндетті

Қазақстанда баспана жалға беретіндер салық төлеуге міндетті. Кірісін жасырғандар 60 мың мен 300 мың теңге аралығында айыппұл арқалайды.

Informburo агенттігінің хабарлауынша, кірістер комитетінің өкілдері мүлік иелерін салықтан жалтармауға шақырған. 

Баспана жалға беретіндер кәсіпкер ретінде тіркеліп, Е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы пайданың 1 пайызын салық ретінде төлеу керек. Тек жылдық табысыңыз 13 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Ал әскери және мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация толтыру кезінде осы кәсібінен түсетін пайдасын ашық көрсетіп, 10% төлейді. Жылжымайтын мүлікті тәуліктеп қосалқы жалға беретін болсаңыз да салық төлеу қажет. Жауапты комитеттің мәліметінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді.

 

Соңғы жаңалықтар