$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстанда әзірленген ракқа қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті

Редакция
02 желтоқсан 2024 05:13 3026
Қазақстанда әзірленген ракқа қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті Сурет авторы: unsplash.com

Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес науқастың жағдайы тұрақтанған. Олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайған. Қазіргі уақытта дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.

«Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1 және 2-кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтіп жатыр. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек», — деді Дос Сарбасов.

Соңғы жаңалықтар