$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Қазақстанда автогаз бағасы өсті

Редакция
05 тамыз 2025 14:34 162
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (автогаз) бағасы қымбаттады. Тиісті бұйрықты Энергетика министрлігі бекітіп, автогаздың бөлшек және көтерме саудадағы шекті бағаларын жаңартты.
Қазақстанда автогаз бағасы өсті

Жаңа бағалар өңірлер бойынша келесідей белгіленді:

Астана мен Алматыда автогаз литріне – 112 теңге (бұрын 102 теңге);

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында – 85 теңге (бұрын 77 теңге); 

Шымкент қаласы мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 112 теңге (бұрын 102 теңге);

Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында – 102 теңге (бұрын 90 теңге);

Маңғыстау облысында – 72 теңге (бұрын 65 теңге).

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шара сұйытылған газ нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және өңірлер бойынша баға теңгерімін сақтау мақсатында қабылданған.

Жаңа шекті бағалар 2025 жылғы 1 тамыздан бастап ресми түрде күшіне енді.

 

Автор: Бекарыс Сейдахмет

 

Соңғы жаңалықтар