$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанда әуе рейстерінің рекордтық саны орындалды

Редакция
15 мамыр 2024 03:00 4114
Қазақстанда әуе рейстерінің рекордтық саны орындалды Сурет авторы: PA Images/ТАСС

Өткен жылы «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Министрлік бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш екенін айтып өтті.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

ҚР Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар