$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда әскерге шақырылушылар суицидке бейімділігі бойынша тексеріледі

Дулат Абдраманов
06 тамыз 2025, 10:11
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды психологиялық іріктеудің жаңа әдістемесі — PSY-РИСК жүйесі енгізіле бастады. Бұл тәсіл жастардың өз-өзіне қол жұмсауға бейімділігін ерте анықтауға бағытталған.
Қазақстанда әскерге шақырылушылар суицидке бейімділігі бойынша тексеріледі Сурет авторы: osken-onir.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биылғы әскерге шақырылушылардың арасынан 470 адамнан суицидке бейімділік белгілері анықталған.

Жаңа әдістеме әскер қатарындағы жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттырып, қайғылы оқиғалардың алдын алуға сеп болуы тиіс.

PSY-РИСК жүйесі алдағы уақытта елдің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар