$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Қазақстанда «Алтын виза» енгізіледі: Тоқаев Құрылтайда маңызды тапсырма берді

Редакция
28 тамыз 2026, 11:59
Қазақстанда «Алтын виза» енгізіледі: Тоқаев Құрылтайда маңызды тапсырма берді Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттар шұғыл түрде қабылдауы тиіс ең маңызды заңнамалық бастамаларды атады. Президенттің сөзінше, Парламент пен Үкімет елдің цифрлық, әлеуметтік және мәдени дамуын жеделдететін бірқатар стратегиялық құжаттарды қысқа мерзімде бекітуі қажет.

Алдымен, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, цифрлық активтерді дамыту және «Digital Qazaqstan» стратегиясын заңнамалық тұрғыдан бекіту міндеттелді. Сонымен қатар, шетелдік білікті мамандар мен ірі инвесторларды елге тарту мақсатында арнайы «Алтын виза» жүйесі енгізілмек. Осыған байланысты Үкіметке көші-қон саясатын жаңартатын жаңа заң жобасын Құрылтайға шұғыл жолдау тапсырылды.

Мәдени-рухани сала да назардан тыс қалмады. Елдің зияткерлік әлеуетін арттыру үшін «Кітапхана және баспа ісі туралы» жаңа заң қабылданады. Сондай-ақ, мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық өнерді өркендеткен азаматтарға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағының заңды мәртебесі бекітілетін болды.

Соңғы жаңалықтар