$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақстанда алғашқы мемлекеттік криптоқор құрылды

Абдрахманов Мағжан
30 қыркүйек 2025 10:12 105
Қазақстанда алғашқы мемлекеттік криптоқор құрылды Сурет авторы: unsplash

Қазақстанда алғашқы мемлекеттік крипторезерв іске қосылды. Ол Alem Crypto Fund деп аталады. Қорды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Qazaqstan Venture Group-пен бірлесіп құрды. Жобаны тіркеу «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (МФЦА) экожүйесінде жүзеге асырылды.

Қордың негізгі мақсаты – цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция жасап, мемлекеттік крипторезерв қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund ұлттық жинақтарды басқару құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

«Alem Crypto Fund-ты құру – Қазақстандағы цифрлық қаржыны дамытудың маңызды қадамы. Біздің мақсат – оны ірі инвесторларға сенімді құралға және мемлекеттік цифрлық резервтердің негізгі тірегіне айналдыру», – деді Вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Қордың серіктесі – әлемдегі жетекші криптовалюта экожүйесінің бөлігі саналатын лицензияланған Binance Kazakhstan компаниясы.

Дәл осы компаниямен бірге Alem Crypto Fund BNB токенін сатып алып, алғашқы инвестициясын жасады. Бұл актив BNB Chain желісінде транзакцияларды орындау, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.

Соңғы жаңалықтар