$ 469.85 € 542.16 ₽ 5.78

Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді

Наурызбек Лесов
06 тамыз 2026, 14:30
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді Сурет авторы: Көлік министрлігі

Астанада Games of the Future 2026 аясында жолаушы мінген ұшқышсыз әуе аппаратының алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл – Қазақстан тарихындағы осындай форматтағы алғашқы ұшу.

Ұшқышсыз әуе аппараты арнайы рұқсат берілген аумақта сынақтан өткізілді. Ол екі жолаушыны тасымалдауға арналған, сағатына 130 шақырымға дейін жылдамдықпен ұша алады және бір рет қуатталғанда 35 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсереді.

Жобаның алғашқы кезеңінде Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени көрікті жерлерінің үстімен 5–30 минутқа созылатын туристік және демонстрациялық бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, мұндай аппараттарды жедел медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіруге, логистика мен басқа да салаларда пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар