$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады

Редакция
31 тамыз 2026, 11:33
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады Сурет авторы: inbusiness.kz

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бес есе баяу өсе бастады. Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы небәрі 1,4 пайызға ғана қымбаттаған. Салыстырмалы түрде, өткен жылы бұл көрсеткіш 7,9 пайызды құраған болатын. Тіпті тамыз айының басынан бері баға орта есеппен 0,2 пайызға төмендегені байқалады.

Бұл өзгеріске негізгі әсер еткен фактор – маусымдық көкөністердің жаппай түсуі. Бұл жалпы инфляциялық көрсеткішті ұстап тұруға және кейбір тауарлар бағасының өсуін теңестіруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, шілде айының қорытындысы бойынша жалпы продовольциялық инфляция желтоқсандағы 13,5 пайыздан 10,1 пайызға дейін төмендеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің тапсырмасымен бағаны тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, сауда нарықтары зерттеліп, жеткізу тізбектері мен жалгерлік шарттар сарапталуда, сондай-ақ артық делдалдар жойылып жатыр. Сонымен қатар тасымалдау шығындарын азайту үшін азық-түлікті теміржол арқылы тасымалдауға жеңілдікті тариф қолданылса, өндірушілер үшін электр энергиясының құны 20 пайызға төмендетілді. Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорының жұмыс істеу тетігі қайта қаралып, қаржыны игеруге емес, нақты бағаға әсер ету нәтижелерін бағалауға басымдық берілуде.

Соңғы жаңалықтар