$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанда алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Редакция
24 маусым 2024 12:09 4727
Қазақстанда алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды.

25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап республиканың солтүстігіне жетеді.

"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", – делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар