$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Қазақстанда әкімі жоқ қала салынады

Абдрахманов Мағжан
20 наурыз 2026, 11:23
Қазақстанда әкімі жоқ қала салынады Сурет авторы: Алматы облысының әкімдігі

Қазақстанда алғаш рет әкім басқармайтын қала салынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алатау қаласы жаңа басқару үлгісімен дамиды.

«Қаланы әкім басқармайды. Alatau City Authority стратегиялық дамуға негізделген жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады», – деп түсіндірді ол.

Вице-премьердің сөзінше, қаланың негізгі даму бағытын Премьер-министр басқаратын арнайы кеңес айқындайды. Ал күнделікті әкімшілік жұмыстарды Бас атқарушы директор жүргізеді.

«Оның негізгі бағытын Премьер-министр басқаратын кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады», – деп толықтырды вице-премьер.

Сонымен қатар кеңес қаладағы маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдап, әкімшілік актілерді бекітеді.

Ал дәстүрлі жергілікті басқару органдары – мәслихат пен әкімдік әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелерге жауапты болады.

Соңғы жаңалықтар