$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Қазақстан АИ-100 маркалы бензин шығармақ

Абдрахманов Мағжан
11 тамыз 2025 14:56 334
Қазақстан АИ-100 маркалы бензин шығармақ Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары алғаш рет АИ-100 маркалы бензин өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігіне сілтеме жасап Kazinform хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бірқатар елде АИ-100 маркалы, «премиум» санатындағы бензин сатылатын жанармай бекеттерінің саны артып келеді. Бұл аталған жанармай түріне сұраныстың өскенін көрсетеді. Осыған байланысты қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары да бұл отынды өндіруге дайындық жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен отандық мұнай өңдеу зауыттарында болашақта осы жанармай түрін шығару үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.

Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалғаннан кейін елде нарық сұранысына сай автокөлік бензинінің маркаларының тізімі анықталады.

АИ-100 маркалы бензин, негізінен, спорттық көліктер мен суперкарларға арналған. Сондай-ақ ол жоғары жылдамдыққа жетуге бейімделген қуатты қозғалтқышы бар автомобильдерге қолайлы.

Соңғы жаңалықтар