$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстанда АЭС салатын компания не консорциум 1 шілдеге дейін анықталады

Редакция
26 ақпан 2025 08:29 3120
Қазақстанда АЭС салатын компания не консорциум 1 шілдеге дейін анықталады Сурет авторы: istock

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттар 2025 жылдың қарашасына дейін жасалады. Сонымен қатар, биыл 2050 жылға дейінгі атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл құжатта АЭС салудың болашақтағы жоспарлары және атом саласының басқа бағыттарын дамыту мәселелері қарастырылады.

Сәтқалиев өткен жылы АЭС құрылысын жүргізетін консорциумды анықтау мақсатында ядролық технологияларды жеткізуші компаниялармен келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

Бұған дейін АЭС технологиясын ұсынатын ықтимал жеткізушілердің қысқа тізіміне "Росатом" (Ресей), KHNP (Оңтүстік Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция) компаниялары кіргені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар