$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды

Редакция
02 қыркүйек 2026, 09:54
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды Сурет авторы: Gov.kz

Елімізде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары күзгі әскерге шақыру науқанына кірісті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, желтоқсан айының соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке алынады.

Мерзімді әскерге шақырылғандардың жартысына жуығы, яғни 12 мыңнан астам сарбаз Қарулы күштер қатарын толықтырады. Сонымен қатар 7 мың азамат Ұлттық ұланға, 3 мыңы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ге жуығы Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300-ден астамы Мемлекеттік күзет қызметіне бөлінеді. Әскери есепке қатысты барлық ақпаратты азаматтар eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Айта кету керек, әскерде жүрген сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру жеңілдігі беріледі және қызмет аяқталған соң ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен түсу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар сарбаздар әскери мамандықпен қатар жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы сияқты еңбек нарығында сұранысқа ие 20-дан астам жұмысшы мамандандыруын тегін меңгере алады.

Соңғы жаңалықтар