$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қазақстанда 2026 жылға қарай пойыздар мен ұшақтарда интернет пайда болады

Редакция
06 қаңтар 2026, 11:51
Қазақстанда 2026 жылға қарай пойыздар мен ұшақтарда интернет пайда болады Сурет авторы: BBC

Қазақстанда жақын арада интернет сапасы мен қолжетімділігі түбегейлі жақсарады. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, 2026 жылдан бастап ҚТЖ пойыздары мен Air Astana ұшақтарында спутниктік интернетті пилоттық сынақтан өткізу жоспарлануда. Бұл мақсатта нарыққа тағы екі шетелдік оператор кіріп, жетуі қиын туристік аймақтар мен шалғай жерлерді байланыспен қамтиды.

Инфрақұрылымды дамыту аясында алдағы екі жылда 40 мың шақырым автожолға мобильді байланыс орнатылып, 20 қалада 5G желісінің қамту аумағы 75%-ға дейін кеңейтіледі. Сондай-ақ «Соңғы миль» жобасы арқылы 3 мыңнан астам ауыл мен 400 мыңға жуық үйге талшықты-оптикалық желі тартылады. Бұл шаралардың нәтижесінде халықтың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіп, еліміздің цифрлық экожүйесі жаңа деңгейге көтерілмек.

 

Соңғы жаңалықтар