$ 474.9 € 555.3 ₽ 6.24

Қазақстанда 2,3 млн адам зейнетақы аударымынсыз жұмыс істейді

Абдрахманов Мағжан
14 сәуір 2026, 09:24
Қазақстанда 2,3 млн адам зейнетақы аударымынсыз жұмыс істейді Сурет авторы: profinances24.ru

Қазақстанда шамамен 2,3 млн адам зейнетақы аударымынсыз жұмыс істейді, деп хабарлады Finprom.kz сарапшылары. Елдегі 9 млн-ға жуық жұмыспен қамтылған азаматтың тек 7 миллионына ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна түседі.

Сарапшылардың мәліметінше, 942 мыңға жуық адам ресми тіркеусіз еңбек етеді. Сонымен қатар ресми түрде жұмыс істесе де, олар үшін зейнетақы жарнасы төленбейтін жағдайлар да кездеседі.

Зейнетақы аударымынсыз жұмыс істейтіндер көбіне ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс салаларында шоғырланған. Мұндай қызметкерлердің басым бөлігі Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Сарапшылар жұмыспен қамтылғандар саны артқанымен, нақты зейнетақы жинап жатқан азаматтар үлесі айтарлықтай көбеймей отырғанын атап өтті. Бұл болашақта әлеуметтік кепілдіктерге әсер етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар