$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда 13 жасқа дейінгі балаларға Tik Tok-ты бұғаттау ұсынылды

Редакция
03 қазан 2024, 06:17
Қазақстанда 13 жасқа дейінгі балаларға Tik Tok-ты бұғаттау ұсынылды Сурет авторы: Фото: mobilaser.kz

Депутат Геннадий Шиповскийдің пікірінше, платформада балалардың психикалық және физикалық денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнелер кеңінен таралған.

Оның пікірінше, 13 жасқа дейінгі балаларға TikTok-қа кіруге мүлдем тыйым салу керек. Ол сондай-ақ көптеген елдер бұл платформаға тыйым салғанын атап өтті.

"TikTok платформасы экстремизм, радикализм, сепаратизм, тым қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы келетін мазмұнды анықтау және шектеу үшін нақты алгоритм ұсынуы керек. Сондай - ақ, tik tok пайдаланушының жасына байланысты мазмұнды шектеуге мүмкіндік беруі керек", - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар