$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Қазақстанда 1 млн адамның табысы күнкөріс минимумына жетпейді

Абдрахманов Мағжан
03 шілде 2026, 17:36
Қазақстанда 1 млн адамның табысы күнкөріс минимумына жетпейді Сурет авторы: ашық дереккөзден

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда шамамен 1 миллион адамның табысы нақты күнкөріс минимумынан төмен болған. Бұл ел халқының 4,9 пайызына тең.

Бір жыл ішінде кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндердің саны 10 пайызға өсті. Ал олардың халық ішіндегі үлесі 4,5 пайыздан 4,9 пайызға дейін артқан.

Кедейлік деңгейі ең жоғары өңір – Түркістан облысы. Мұнда халықтың 8,5 пайызының табысы күнкөріс минимумына жетпейді. Одан кейін Абай облысы (7,6%) мен Маңғыстау облысы (7,2%) орналасқан. Соңғысында бұл көрсеткіш бір жылда 1,9 пайыздық тармаққа көбейген.

Ең төмен кедейлік деңгейі Астанада (2,7%), Қарағанды облысында (2,8%) және Атырау облысында (3,5%) тіркелді.

Статистикаға сәйкес, кедейлік шегінен төмен тұратындардың 77,5 пайызы бес және одан көп адамнан құралған отбасыларда өмір сүреді.

Сонымен қатар елде 25,4 мың адамның айлық табысы ең төменгі азық-түлік қоржынының құнын да жаппайды. Бір жыл ішінде олардың саны бір жарым есе артқан.

Соңғы жаңалықтар