$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Қазақстанда 1 миллионнан астам жұмыс орнын жасанды интеллект алмастыруы мүмкін – Еңбек министрлігі

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2025 14:05 302
Қазақстанда 1 миллионнан астам жұмыс орнын жасанды интеллект алмастыруы мүмкін – Еңбек министрлігі Сурет авторы: Alla Yurtayeva / Фотобанк Лори

Қазақстанда 1 миллионнан астам қызметкерді жасанды интеллект алмастыруы ықтимал. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Олжас Анафин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлік автоматтандыру мен жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалын зерттеген.

"423 мамандық тобына жасалған талдау көрсеткендей, жұмыс орындарының шамамен 25%-ы, яғни 2,2 млн адам орташа және жоғары деңгейде автоматтандыру қаупіне ие. Соның ішінде 1 миллионнан астамын генеративті жасанды интеллект алмастыруы мүмкін", – деді Анафин.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ең үлкен қауіп Алматы, Астана және Шымкент қалаларына тән. Бұл мегаполистерде автоматтандыру шамамен әрбір үшінші жұмыс орнына әсер етуі ықтимал.

Дегенмен вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда еңбек күші құнының салыстырмалы түрде төмен болуы себепті жұмысшыларды толық ығыстыру болмайды.

"Автоматтандыру біртіндеп жүреді. Компаниялар нақты экономикалық пайдасын көрген кезде ғана бұл процеске белсенді кіріседі", – деп атап өтті Олжас Анафин.

Соңғы жаңалықтар