$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

Редакция
22 желтоқсан 2025, 16:20
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі Сурет авторы: Vera.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда екі әлеуметтік төлем — еңбекке жарамсыздық бойынша және асыраушысын жоғалтқан отбасыларға берілетін төлем — 10%-ға көбейеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің қаулысы жарияланды.

Сонымен қатар осы күннен бастап келесі көрсеткіштер өседі:

• ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

• мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;

• зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;

• айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

 • өмір сүру минимумы – 50 851 теңге.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттары қазан айында ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтеруді ұсынған, бірақ үкімет бұл ұсынысты қолдамады.

Соңғы жаңалықтар