$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанда 1 000 теңгелік коллекциялық монета айналымға шығады

Редакция
28 шілде 2025, 12:59
Қазақстанда 1 000 теңгелік коллекциялық монета айналымға шығады Сурет авторы: Ұлттық банк

2025 жылғы 29 шілдеде Қазақстанда номиналы 1 000 теңге болатын жаңа коллекциялық монета сатылымға шығарылады. Бұл туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми интернет-дүкенінде жарияланды.

Аталған монета «Alexander the Great» сериясына жатады және келесі сипаттамаларға ие:


Металы – күміс (925 сынама);


Салмағы – 31,1 грамм;


Диаметрі – 38,61 мм;


Номиналы – 1 000 теңге.


Ұлттық банктің мәліметінше, монета небәрі 2 000 дана болып шығарылған. Шектеулі таралымы оны нумизматтар үшін құнды әрі сирек кездесетін коллекциялық бұйымдардың қатарына қосады.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар