$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан ұлттық құрамасы Армениядан жеңілді

Редакция
07 маусым 2024 15:21 1081
Қазақстан ұлттық құрамасы Армениядан жеңілді

Қазақстан және Армения ұлттық құрамалары арасында Ереванда өткен жолдастық кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Армения Александр Марочкиннің 4-минутта соққан автоголының арқасында алға шықты. Екінші таймның 58-минутында Ваган Бичахчян есепті еселеді.

Қазақстан құрамасы ойынның соңғы минутында Бауыржан Исламханның пенальтиден соққан голымен есепті қысқартты.

Магомед Адиев бас бапкер қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұл ойында оның орнына Ұлттық құраманы Руслан Балтиев алаңға алып шықты. 

Соңғы жаңалықтар