$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан Украинаға қатысты бейбітшілік саммитіне неге қатыспады?

Редакция
17 маусым 2024 09:55 1022
Қазақстан Украинаға қатысты бейбітшілік саммитіне неге қатыспады? Сурет авторы: Украина президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан халықаралық іс-шаралар кестесіне сәйкес Швейцариядағы Украина бойынша алғашқы бейбітшілік саммитіне қатыспады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Швейцарияның Бюргеншток қаласында өткен саммит 15-16 маусым аралығында өтті. Іс-шараға барлығы 91 мемлекет делегациялары қатысты.

«Қазақстан осы саммитке халықаралық іс-шаралар кестесіне сәйкес қатысқан жоқ», — деді Смадияров журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол республика билігі аталған іс-шараға делегация жібермейтінін алдын ала хабарлағанын қосты.

Швейцариядағы Украина бойынша конференция қорытынды коммюникені келісумен аяқталды, оған әлемнің 80 елінің және төрт халықаралық ұйымның өкілдері қол қойды. Армения, Мексика, Ватикан, Үндістан, Колумбия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Таиланд, Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Индонезия және Бразилия қалыс қалды. Сербия, Венгрия және Түркия құжатқа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар