$ 480.72 € 548.07 ₽ 6.14

Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін

Редакция
30 маусым 2026, 13:18
Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін Сурет авторы: systemt.ru

Қазақстанда жұмыс аптасын төрт күнге қысқарту мәселесі талқыланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерістің кезең-кезеңімен іске асады, деп хабарлайды  informburo.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Арман Оспановтың айтуынша, қазіргі заңнама жұмыс берушіге мұндай икемді кестеге көшуге мүмкіндік береді, тек бұл мәселе тараптардың келісімімен шешілуі тиіс:

«4 күндік жұмыс аптасы 2023 жылы еңбек заңнамасына енгізілген. Сол кезден бастап жұмыс берушілерге мүмкін болған жағдайда осы режимге көшу ұсынылды».

Сондай-ақ сарапшының пікірінше, аптасына 40 сағаттық жұмыс уақыты сақталған жағдайда жалақыға ешқандай кері әсер болмайды.  

Десе де, экономист Бекнұр Қисықовтың пайымдауынша, басты кедергі – жұмыс берушілердің психологиялық дайындығының жоқтығында:

«Біз таңғы тоғыздан алтыға дейін жұмыс істеп үйреніп қалдық қой. Бірақ қазіргі жас түлектердің ешқайсысы 8 сағат жұмыс істегісі келмейді. Олар уақытын денсаулыққа, спортқа, отбасына арнағысы келеді».  

Сарапшылар бұл жүйенің барлық салаға жарамайтынын ескертеді. Мәселен, өндіріс, медицина және білім беру салаларында қосымша ауысым немесе жаңа қызметкерлер қажет болуы мүмкін, бұл қосымша шығынға әкеледі. Министрлік өкілі Асқарбек Ертаевтың сөзінше:

«Егер ұйымның жұмысын тиімді жүргізу үшін төрт күн жеткілікті болса, жұмыс беруші осындай шешім қабылдай алады».

Қорытындылай келе, бұл – әр мекеменің жұмыс ерекшелігі мен тиімділігіне байланысты таңдау.  

Соңғы жаңалықтар