$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан теннистен тағы бір лицензия алды

Редакция
25 шілде 2024 08:29 2393
Қазақстан теннистен тағы бір лицензия алды Сурет авторы: olympic.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсететін болды. 

Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Медаль үшін 16 жұп таласады. Ал жарыс 29 шілдеде басталады.

Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды.

Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик сайысқа түседі.

Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.

Соңғы жаңалықтар