$ 471.93 € 548.43 ₽ 6.61

Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарды қайтаруға қанша қаржы жұмсады

Абдрахманов Мағжан
19 мамыр 2026, 15:23
Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарды қайтаруға қанша қаржы жұмсады Сурет авторы: Көлік министрлігі

Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде азаматтарды эвакуациялауға шамамен 4 млн доллар жұмсады. Бұл туралы Нұрлан Сауранбаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, эвакуация бірнеше кезеңмен жүргізілген. Алғашында шамамен 4 мың адам шығарылса, кейін олардың саны 10 мыңнан асқан.

Министрдің сөзінше, бөлінген қаражаттың бір бөлігі әуе компанияларының шығындарын өтеуге, сақтандыру тәуекелдерін жабуға және азаматтарды Дубайдан қауіпсіз аймақтарға тасымалдауға жұмсалған.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі наурыз айының басында Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 10 275 қазақстандық эвакуацияланғанын хабарлаған.

Азаматтарды елге қайтару екі аптаға созылып, негізінен Оман, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы арқылы жүзеге асырылған. Ал Ираннан адамдар Армения мен Түрікменстан арқылы жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар