$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Қазақстан Таяу Шығыстағы азаматтарды қайтару үшін не істеп жатыр

Абдрахманов Мағжан
03 наурыз 2026, 09:24
Қазақстан Таяу Шығыстағы азаматтарды қайтару үшін не істеп жатыр Сурет авторы: Gemini/ inbusiness

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ел азаматтарын елге қайтару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ.

Дипломатиялық өкілдіктердің мәліметіне сәйкес, өңірдегі Қазақстан азаматтарының саны мынадай:

Біріккен Араб Әмірліктері – 3 500;

Сауд Арабиясы – 3 000;

Қатар – 1 500;

Иран – 82;

Бахрейн – 168;

Кувейт пен Иордания – әрқайсысында 134;

Израиль – шамамен 100 адам.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты азаматтар уақытша қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілуде. Атап айтқанда, БАӘ-де осындай қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Эвакуация кезінде басымдық қарттарға, әйелдер мен балаларға берілуде. Бұған дейін Тегераннан 50 адам елге қайтарылған.

3 наурызда Air Astana компаниясы репатриациялық төрт рейс орындауды жоспарлап отыр – екеуі Мединаға, екеуі Жиддаға. Алайда бұл рейстер Сауд Арабиясы мен Мысыр билігінің рұқсатын алған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан эвакуацияны жеңілдету мақсатында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Армениямен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар