Қазақстан Таяу Шығыс үстінен ұшуға тыйым салды: Қай рейстер тоқтатылды?
Сурет авторы: Марина Лысцева / ТАСС
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі Таяу Шығыс бағытындағы әуе кеңістігіне толық тыйым енгізді. Енді қазақстандық әуе компанияларына Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, сондай-ақ осы елдердің әуе кеңістігіне жақын аймақтарда ұшуға рұқсат берілмейді.
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, шектеулер азаматтық авиация үшін қауіп деңгейінің жоғары болуына байланысты енгізілген және арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Тыйым барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қатысты.
28 ақпанда қандай өзгерістер болды
Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының кестесіне өзгерістер енгізілді:
– KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, сондай-ақ KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері ұшып кеткен әуежайларға кері қайтарылды;
– KC899 Алматы – Дубай рейсі Делиге бағытталды;
– FlyArystan компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа қонды;
– 28 ақпанда Таяу Шығысқа бағытталған өзге рейстер тоқтатылды.
SCAT әуе компаниясының 28 ақпан мен 1 наурыз күнгі кестесінде Таяу Шығыс бағытындағы рейстер қарастырылмаған.
Шетелдік тасымалдаушылардағы жағдай
Qatar Airways, Air Arabia, Air Arabia Abu Dhabi, Flydubai, Jazeera Airways, Air Cairo және Red Sea өкілдіктері бас кеңселерімен және туроператорлармен бірлесіп алдағы іс-қимыл жоспарын пысықтап жатқанын хабарлады.
Ирандық Qeshm Air компаниясы 28 ақпанда Таяу Шығыс бағытындағы рейстер кешігетінін мәлімдеді. Pars Air компаниясында 28 ақпаннан 3 наурызға дейін рейстер жоқ.
Жолаушылар қайда хабарласа алады
Авиациялық әкімшілік базасында тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді:
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14
+7 7172 79 82 15
Рейстер мәртебесі бойынша:
Air Astana – +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77
FlyArystan – +7 727 331 1010, WhatsApp +7 702 702 0227
SCAT – +7 7252 99 88 80
Qazaq Air – +7 727 356 14 14
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – +7 7172 702 999
Алматы халықаралық әуежайы – +7 727 228 00 19
Жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компанияларының ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады.
Таяу Шығыста не болып жатыр
28 ақпан күні Иранның кемінде жеті қаласында жарылыстар болды. Израиль АҚШ-пен бірлесіп Иранға ракеталық соққы жасағанын мәлімдеді, кейін бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп растады. Иран жауап ретінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Катар және Кувейт бағытында ракеталар ұшырған.
Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
16 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
16 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
17 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
20 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
21 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
22 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
22 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын