$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан тағы бір халықаралық банктен қарыз алады

Редакция
20 қараша 2024 02:49 3207
Қазақстан тағы бір халықаралық банктен қарыз алады Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстан Үкіметі экономиканың тұрақтылығын қолдау мақсатында халықаралық банктен тағы бір несие алуды жоспарлап отыр. Тиісті заң жобасын Мәжіліс қарауға алды.

«Келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалды. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасына 84,9 миллиард иен көлемінде несие береді, оны өтеу мерзімі – 11 жыл. Несие қаражаты республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңіне бекітілген көлеміне сәйкес, ел экономикасының тұрақтылығын қолдауға жұмсалады», - деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.

Өткен отырыста Мәжіліс Азия Даму Банкінен 52,3 миллиард иен және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен 52,7 миллиард иен несие қарастыратын екі құжатты жұмысқа қабылдады. Бұл қаржы да ел экономикасының тұрақтылығын қолдауға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар