$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан сарбаздары БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына аттанды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4979
Қазақстан сарбаздары БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына аттанды

Алматыда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилерді Голан биіктігіне шығарып салды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қарулы күштердің бітімгерлік контингентін БҰҰ миссиясына шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Қазақстанның бітімгерлік күштері Голан биіктігін күзетеді.

Голан биіктігі – стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі – Сирияға тиесілі. Қос мемлекет те жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді.

Бұған дейін қазақ әскерінің Оңтүстік Судан мен Таяу Шығысқа баратыны хабарланған еді. Сондай-ақ бітімгерлік миссияда қаза тапқан әскеридің отбасына 77 мың доллар берілетіні белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар