$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Қазақстан Ресеймен Екатерина Биволды ұстауға қатысты байланыс орнатты

Абдрахманов Мағжан
13 қараша 2025 11:24 168
Қазақстан Ресеймен Екатерина Биволды ұстауға қатысты байланыс орнатты Сурет авторы: instagram.com/bivol_kate

Қазақстан құқық қорғау органдары әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволдың ұсталуына байланысты Ресей полициясымен арнайы арналар арқылы байланысып отыр. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенат кулуарында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, іс бойынша тергеу жалғасуда.

"Тергеу жүріп жатыр. Халықаралық іздеу жарияланды. Сот сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады. Біз арнайы арналар арқылы Ресей Федерациясының полициясымен байланыстамыз. Егер Биволдың бұрынғы жұбайы ұсталып жатса, Бас прокуратура арқылы ақпарат аламыз немесе экстрадиция мәселесін шешеміз", – деді Әділов.

Еске салайық, 27 қазанда Қырғызстан соты Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық араздық қоздыру бабымен қамауға алу жөнінде ордер шығарған. 31 қазанда оны Қазақстан құқық қорғау органдары да іздеуге жариялағаны хабарланған.

Бұған дейін желіде тараған видеоларда Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарға қатысты ғаламторда балағат сөздер қолданып, қорлайтын сипатта пікір білдірген.

Соңғы жаңалықтар