$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтетін ел болғысы келмейді

Редакция
24 қазан 2024 02:37 2517
Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды айналып  өтетін ел болғысы келмейді Сурет авторы: Ulysmedia.kz

Қазақстан билігі ел аумағының Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылғанын қаламайды. Бұл туралы Польшаның PAP агенттігіне берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

«Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмады. Сонымен бірге біз өз территориямыздың санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылғанын қаламаймыз», - деп атап өтті дипломат.

Ол Астананың ұстанымы барлық мүдделі тараптарға белгілі және оған Ресей Федерациясында да, Батыста да түсіністікпен қарайды деп қосты.

Маусым айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин республика билігі АҚШ пен Еуроодақтың Ресейге және басқа елдерге қатысты санкциялық саясатын қолдамайтынын, бірақ оны орындауға мәжбүр екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда АҚШ және ЕО билігімен санкция мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жұмыс тобы бар.

Соңғы жаңалықтар