$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Қазақстан Ресей азаматтарына жанармай құюға рұқсат берді, бірақ бір шарт бар

Абдрахманов Мағжан
03 шілде 2026, 12:02
Қазақстан Ресей азаматтарына жанармай құюға рұқсат берді, бірақ бір шарт бар Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда Ресей азаматтары көліктеріне жанармайды ешқандай шектеусіз құя алады. Алайда бензин тек көліктің зауыттан орнатылған негізгі жанармай багына ғана құйылуы тиіс. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Министрдің сөзінше, қолданыстағы бұйрыққа сәйкес жанармай құю бекеттеріне бензинді қосымша бактарға, канистрлерге немесе басқа ыдыстарға сатуға тыйым салынған.

«Егер адам көлігіне жанармайды штаттық багына құйып жатса, ешқандай мәселе жоқ», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министр бұл түсініктемені Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі жанармай құю бекеттерінде Ресей нөмірлі көліктердің көбейгені туралы ақпаратқа байланысты берді.

Соңғы жаңалықтар