$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан Парламенті депутаттары демалысқа кетті

Редакция
28 маусым 2024 03:31 1197
Қазақстан Парламенті депутаттары демалысқа кетті Сурет авторы: parlam.kz

Қазақстан Парламенті сегізінші шақырылымының екінші сессиясын аяқтап, жазғы демалысқа кетті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов екі палата депутаттарының жұмысының қорытындысын айтты. 

Біз алдағы заң шығару жұмысының берік негізін қаладық. Қыруар жұмыс атқарылды. Кеше ғана өз сөзінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент жұмысына оң бағасын берді. Келесі сессияда да осы қарқыннан таймауымыз қажет”, – деді Ерлан Қошанов.

Қошановтың есебінше, Парламент жұмысында 179 заң жобасы қарастырылып, оның 102-сі қабылданған. Қазір Парламент портфелінде 71 заң жобасы бар. 

Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар біз мүлдем жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет” - дейді Қошанов.

Дулат Абдраманов

Соңғы жаңалықтар