$ 469.85 € 542.16 ₽ 5.78

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды

Редакция
06 тамыз 2026, 11:53
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Лондонда орналасқан Legatum Institute аналитикалық орталығының 2026 жылғы Legatum Prosperity Index жаһандық рейтингінің қорытындысы жарияланды. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан 161 мемлекеттің арасында 66-шы орынға тұрақтап, Орталық Азия аймағындағы ең өркендеген ел мәртебесін кезекті рет дәлелдеді.

скриншот The Legatum Prosperity Index

Іліктен өткен рейтинг тек экономикалық өсімді емес, сонымен қатар мемлекеттік институттардың сапасын, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін, азаматтық бостандықтар мен өзге де әлеуметтік-экономикалық 12 бағыт бойынша 130-дан астам көрсеткішті қамтиды.

Аймақ бойынша рейтингте Қазақстаннан кейінгі орындарға Қырғызстан (87-орын) мен Өзбекстан (94-орын) жайғасты. Ал Тәжікстан 129-шы, Түркіменстан 150-ші сатыдан көрінді. Салыстырмалы түрде алсақ, көршілес Ресей Федерациясы 103-ші орынды иеленген.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан соңғы он бес жылда білім беру, денсаулық сақтау мен экономикалық даму салаларында елеулі прогреске қол жеткізген. Десе де, жеке бостандықтар мен мемлекеттік басқару деңгейі бойынша әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттар бар екені атап өтілді.

Бұл жаһандық индекстің көшбасшысы ретінде Швейцария танылса, тізімнің ең соңғы қатарына Эритрея мемлекеті орналасты.

Соңғы жаңалықтар