Қазақстан-Норвегия: Холанд пен Эдегорға төтеп бере аламыз ба?
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы ойынын бастайды. Станислав Черчесовтің шәкірттері Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегор секілді жұлдыз ойыншылары бар Норвегия құрамасын қабылдайды.
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Сондай-ақ матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
ҚФФ 20 тамызда билеттерді онлайн-сатылымға шығарды. Барлық билет небәрі бір күнде сатылып кетті. Осылайша, 23 804 көрермен сыятын стадионда аншлаг болады деп күтілуде. "Маркетинг последней надежды" Telegram арнасының есебінше, федерация билеттер сатылымынан 129 млн теңге пайда тапқан.
Алматыда ойнау құрамаға қалай әсер етеді?
Ұлттық құрама әдетте Astana Arena-да ойнайды. Алматыда соңғы рет 2020 жылы ойнаған. Осы орайда құрама капитаны Асхат Тағыберген Орталық стадион ойынға қаншалықты әсер ететіні жайында пікірін бөлісті.
“Алматы болса да, Астана болса да, бір Қазақстан ғой. Астанада жасанды алаң болса, Алматыда табиғи газон. Астананың өз артықшылықтары, Алматының өз артықшылықтары бар”, – деді капитан ойын алды баспасөз мәслихатында.
Холанд пен Эдегорға төтеп бере аламыз ба?
Норвегия құрамасы FIFA рейтиңінде 50-орында тұр. Құраманың құны – 456 млн еуро. Ең қымбат ойыншылары: Эрлинг Холанд (Манчестер Сити) – 180 млн еуро, Мартин Эдегор (Арсенал) – 110 млн еуро, Александр Сорлот (Атлетико Мадрид) – 25 млн еуро. Өткен маусымда Холанд ағылшын премьер-лигасының сұрмергені болса, Александр Сорлот Ла Лигада көп гол соққан екінші ойыншы атанды. Ал Мартин Эдегор – Арсеналдың капитаны. Тағыберген Норвегияның осы көшбасшылары жайлы ойын айтып өтті.
“Қанша жылдан бері хабарласпаған достарым менен билет сұрап жатыр. “Холандты көруге келе жатсыңдар ма, әлде бізге жанкүйер болуға ма?” деп сұраймын. Мен үшін қарсыластардың емес, өз құрамамның қалай ойнайтыны маңызды”, – деп пікір білдірді ол.
Журналистер Гвардиоланың “Холандты тапаншамен де тоқтату мүмкін емес” деген сөзін еске салып, бас бапкерден оған қарсы қорғануға мүмкіндік бар ма деп сұрады.
“Тапаншамен тоқтата алмасақ, демек AKM секілді сенімдірек қару табамыз. Ол жақсы ойыншы, Гвардиола не айтып тұрғанын біледі. Біз оның қабілетін білеміз. Біздің қаруымыз – ойыншыларымыз”, – деді Черчесов.
Ал Қазақстан құрамасы FIFA рейтиңінде 109-орында. Құны – 18,60 млн еуро. Біздің ең қымбат ойыншыларымыз: Бахтиёр Зайнутдинов (Бешікташ) - 5 млн еуро, Нұрәлі Әліп (Зенит) – 3 млн еуро.
Черчесовтің дебютінен не күтеміз?
Қазақстан үшін бұл матч Черчесовтің дебюті тұрғысынан да маңызды. Черчесов команда басшылығына үш ай бұрын келгенімен, құрамамен толыққанды жұмыс істей алған жоқ. Команда матчтан бірнеше күн бұрын ғана Алматыда жиналып, дайындық жұмыстарын жүргізе бастады.
Норвегиялықтар тұрақты нәтиже көрсетпесе де, шабуылда өте қауіпті. Соңғы 16 ойынның 14-інде гол соққан. Дегенмен олардың осал тұсы қорғаныс болып тұр: соңғы 16 матчтың тек төртеуінде ғана гол өткізбеген.
Бапкерге шабуыл мен қорғаныс арасында дұрыс теңгерімді табу қажет. Норвегияға қарсы шабуылға күш салып, қорғанысты ұмыту — қауіпті, себебі қарсылас құрамда Холанд секілді сақа шабуылшылар бар. Алайда тым қорғанысқа жатып алу да дұрыс емес, өйткені бұл стандарт кезінде Норвегияның бойшаң ойыншыларына гол соғуға оңай мүмкіндік береді.
Черчесов үшін ең бастысы — ойыншылардың тәртіпті ойыны мен тактикалық жоспардың дұрыс орындалуы. Қарсыластың алғашқы 15 минутта гол соғып кетуіне жол бермеу қажет. Норвегиялықтардың қорғанысындағы осал тұстарын ескерсек, Қазақстанның гол соғуға мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін суыққандылық пен жоғары дәлдік керек.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі ойынын сырт алаңда – 9 қыркүйекте Словенияға қарсы өткізеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
17 минут бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
7 сағат бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
13 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
13 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
13 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
14 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
14 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
15 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
15 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
15 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
15 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
16 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
17 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
18 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
18 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
19 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
19 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
20 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
20 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
20 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
20 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
20 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
20 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
21 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
2 күн бұрын