Қазақстан мұнайын шетелге шығаратын негізгі құбырдағы экспорт 45% азайды
Сурет авторы: t.me/caspian_pipeline
2026 жылдың қаңтар айында Қазақстан мұнайының әлемдік нарыққа шығуы күрт төмендеді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспорт көлемі жоспарланған деңгейден шамамен 45 пайызға құлаған. Бұған қолайсыз ауа райы, жөндеу жұмыстарының созылуы және дрон шабуылдарының салдары әсер еткен.
Трейдерлердің дерегінше, қаңтар айында CPC Blend маркалы мұнай экспорты тәулігіне 800–900 мың баррель көлемінде ғана болады. Ал бастапқыда жоспарланған 45 партияның кемінде 21-і тоқтатылған. Нарықтағы ұсыныстың азаюы бағаның өсуіне әкеліп, қазақстандық мұнай бір жылда алғаш рет премиямен сатыла бастады. Соңғы мәмілелер Dated Brent эталонына барреліне 1,2 доллар үстемемен жасалған.
Негізгі себептер: ауа райы мен инфрақұрылым
Экспорттағы іркілістің басты себебі – Новороссийск маңындағы теңіз терминалының жұмысы. Қазақстан үшін толық жүктеме екі бірдей қалқымалы айлақ құрылғысының қатар жұмыс істеуіне байланысты. Алайда қазіргі таңда олардың біреуі ғана істеп тұр және ол да жиі тоқтайды.
Соңғы апталарда болған дауылдар мұнай тиеу процесін бірнеше рет тоқтатты. Ал техникалық қызмет көрсетуден оралуы тиіс екінші құрылғының іске қосылуы кешіккен. Үшінші құрылғы 2025 жылғы қараша айының соңында зақымданған.
Өндіріске төнген қауіп
Жағдай ушығып барады. Куәгерлердің айтуынша, КҚК құбыр жүйесі кей сәттерде өндірушілерден мұнай қабылдауды мүлде тоқтатқан, себебі сақтау резервуарлары толып қалған.
Қазақстан тәулігіне шамамен 1,8 млн баррель мұнай өндіреді. КҚК толық қуатта жұмыс істемеген жағдайда ел балама бағыттар арқылы оның тек жартысын ғана экспорттай алады. Ұзаққа созылған тоқырау кен орындарында мәжбүрлі түрде өндірісті қысқартуға алып келуі мүмкін.
Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы Новороссийск портына жеткізетін негізгі экспорттық бағыт. Консорциум акционерлері қатарында Қазақстан, Ресей және Chevron, ExxonMobil секілді ірі компаниялар бар.
Айта кетейік, КҚК-ның Қара теңіздегі инфрақұрылымы 2025 жылы бірнеше рет шабуылға ұшыраған. Ақпан, қыркүйек және қараша айларында тіркелген инциденттердің ең ірісі 29 қарашада болған. Сол кезде дрондар ВПУ-2 құрылғысын істен шығарған. Бұған қоса, КҚК арқылы тасымал көлемі Ресей тарапынан да азайған: Каспий теңізіндегі «Лукойл» платформаларына жасалған шабуылдардан кейін ресейлік жеткізілімдер тәулігіне шамамен 150 мың баррельге қысқарған.
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
6 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
9 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
9 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
10 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
10 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
10 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
15 сағат бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
21 сағат бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын