$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Қазақстан мешіттерінде Ораза айт намазының уақыты жарияланды

Абдрахманов Мағжан
17 наурыз 2026, 13:15
Қазақстан мешіттерінде Ораза айт намазының уақыты жарияланды Сурет авторы: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел аумағындағы мешіттерде Ораза айт намазының кестесін жариялады. Биыл қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін мерекелік құлшылық 20 наурызда өтеді.

ҚМДБ мәліметінше, еліміздің ірі қалаларында айт намазы мына уақытта оқылады:

  • Астана мен Шымкентте – таңғы 07:15

  • Алматыда – таңғы 07:00

Ал басқа өңірлерде намаз уақыты жергілікті күннің шығуына байланысты белгіленеді.

Айт күні мешіттерде уағыз айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалады.

Ораза айт – мейірімділік, игілік пен қайырымдылық мерекесі. Бұл күні мұсылмандар оразаның аяқталғанына шүкіршілік айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барып, хал-жағдай сұрасып, мұқтаж жандарға көмектеседі.

Діни деректерге сәйкес, Ораза айт мерекесі алғаш рет хижраның екінші жылы, яғни 624 жылы атап өтіле бастаған.

Айта кетейік, «Айт» сөзі жыл сайын қайталанатын мереке, бір-бірін қуанту деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқында «Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар» деген нақыл сөз осы мерекенің маңызын көрсетеді.

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылды.

Соңғы жаңалықтар