$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан мен Жапония тікелей әуе рейстерін қалпына келтірмек

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1926
Қазақстан мен Жапония тікелей әуе рейстерін қалпына келтірмек

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун мырзамен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Салтанат Томпиева қазақстандық әуе компаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Соңғы жаңалықтар