$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

Редакция
24 сәуір 2024 14:43 3588
Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

Кейінгі 11 жылда Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда жарқын жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы Ұлыбритания мен Қазақстан СІМ кездесуінде айтылды.

«2013 жылдан бастап Қазақстанға келіп жүрмін. Осы уақытқа дейін Қазақстан орасан зор жетістікке қол жеткізді. Мен бұл прогрестің куәсі болдым. Біз стратегиялық диалогты бірнеше жыл бұрын бастаған едік. Ал, бүгін біз стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Бұл - біздің ынтымақтастығымыздың барлық салаларын қамтитын құжат. Соңғы 11 жылда біз екіжақты қарым-қатынастарымызды дамытуда үлкен жетістіктерге жеттік. Қазақстанда білім беру мекемелері құрылды», - деді Дэвид Кэмерон.

Ол Ұлыбританияда білім алу үшін қазақстандық студенттерге арналған Chevening стипендиясының бюджеті артып, қаржыландыруды екі есеге арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар