$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Редакция
13 мамыр 2024 03:33 2317
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе рейсі ашылады Сурет авторы: tripadvisor.com

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Комитет мәліметінше, Қазақстаннан 28 елге 121 әуе бағыты бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар