Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы балалар нейрохирургиялық роботы Өскеменге орнатылады
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Өскемендегі Ана мен бала орталығына Қазақстан мен Орталық Азияда балаларды емдеуде қолданылатын алғашқы роботтандырылған нейрохирургиялық жүйе орнатылады. Жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған Remebot RM-200 күрделі оталарды жоғары дәлдікпен жасауға және бұған дейін өңірде қолжетімсіз болған емдеу әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
Жабдықтың құны – 433,5 млн теңге. Оны «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметі аясында «Samruk-Kazyna Trust» қоры сатып алады. Жүйені жеткізуге арналған сертификатты Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов табыстады.
Remebot RM-200 нейрохирургиялық навигация мен стереотаксикалық хирургия технологияларын бір жүйеге біріктіреді. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дәрігерлер операцияны алдын ала жоспарлап, мидың үш өлшемді моделін жасай алады. Сондай-ақ жүйе хирургиялық араласудың оңтайлы траекториясын жоғары дәлдікпен анықтауға көмектеседі.
Жаңа технологияның енгізілуімен Ана мен бала орталығында жасалатын күрделі оталардың қатары көбеймек. Атап айтқанда, мамандар стерео-ЭЭГ жүргізіп, эпилепсиялық белсенділік ошақтарын анықтау үшін терең электродтар орната алады. Сонымен бірге стереотаксикалық араласулар жасауға және мидың терең бөліктерінде орналасқан ісіктерден аз инвазивті әдіспен биопсия алуға мүмкіндік туады.
Жүйенің қуаты жылына 750 ота жасауға жетеді
Балалар нейрохирургиясы қазірдің өзінде Өскемендегі Ана мен бала орталығының негізгі медициналық бағыттарының біріне айналған. Мұнда Шығыс Қазақстан облысымен қатар Абай және Павлодар облыстарынан келген балалар да ем қабылдайды.
Орталықтағы нейрохирургия бөлімшесі 22 төсек-орынға есептелген. Соңғы үш жылда дәрігерлер эпилепсияның ауыр түрлерін емдеудің заманауи тәсілдерін қолданып келеді. Соның бірі – кезбе жүйке стимуляторын имплантациялау арқылы жүргізілетін VNS-терапия.
Үш жыл ішінде осындай шамамен 33 операция жасалған. Мамандардың мәліметінше, емнен кейін пациенттердегі эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығы төмендеген.
Жаңа роботтандырылған жүйе орталықтың осы бағыттағы мүмкіндігін айтарлықтай арттырмақ. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, Remebot RM-200 техникалық мүмкіндігі жылына 500-ден 750-ге дейін операция жасауға жетеді.
«Біздің міндетіміз – медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту, медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету және дәрігерлердің кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау. Эпилепсия, ісік және жүйке жүйесінің басқа да ауруларына шалдыққан пациенттер қажетті медициналық көмекті ала алады. Кешеннің техникалық қуаты жылына 500-750 ота жасауға мүмкіндік береді», – деді Нұрлан Жақыпов.
Үш облыстың балалары Өскеменде ем ала алады
Биылғы жылдың алғашқы жеті айында Ана мен бала орталығында 9 590 пациент ем қабылдаған. Медициналық мекеме тәулік бойы жұмыс істеп, жоспарлы еммен қатар шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Орталықтың стационары 347 төсек-орынға арналған. Мұнда 141 дәрігер еңбек етеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа технологияның енгізілуі күрделі нейрохирургиялық көмек алу үшін балаларды басқа өңірлерге жіберу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Біздің өңір үшін балалар нейрохирургиясын дамыту ерекше маңызды. Бүгінде орталық мамандары үш облыстың балаларын қабылдап, күрделі оталар жасап, емдеудің заманауи әдістерін енгізіп келеді. Жаңа жабдық бұл мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтіп, бұрын аймақта қолжетімсіз болған технологияларды енгізуге жол ашады. Шығыс Қазақстанның ғана емес, Абай және Павлодар облыстарының балалары да қажетті жоғары технологиялық медициналық көмекті осы жерде, Өскемен қаласында ала алады деп сенеміз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Робот жыл соңына дейін іске қосылады
Remebot RM-200 жүйесін Ана мен бала орталығына жыл соңына дейін жеткізіп, орнату және пайдалануға беру жоспарланған.
Жабдық орнатылғаннан кейін дәрігерлер мен орталықтың басқа да мамандары арнайы дайындықтан өтеді. Роботтың көмегімен жасалатын жаңа операция түрлері бірден емес, кезең-кезеңімен енгізілмек.
Роботтандырылған жүйенің басты артықшылықтарының бірі – хирургиялық араласудың дәлдігін арттыру. Дәрігерлер мидың қажетті бөлігіне барынша дәл жетіп, сау тіндерге түсетін әсерді азайта алады. Бұл операцияның жарақаттылығын төмендетіп, қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа технология әсіресе эпилепсияның күрделі түрлерін, ми ісіктерін және жүйке жүйесінің басқа да ауруларын хирургиялық жолмен емдеу кезінде пайдаланылмақ.
Remebot RM-200-дің іске қосылуы Ана мен бала орталығында жасалатын нейрохирургиялық операциялардың түрін көбейтіп қана қоймай, Өскеменнің өңірлік балалар нейрохирургиясы орталығы ретіндегі мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарындағы балалардың бір бөлігі күрделі операция үшін республикалық орталықтарға немесе шетелдік клиникаларға бармай-ақ, жоғары технологиялық медициналық көмекті Өскеменде ала алады.
Соңғы жаңалықтар
-
Ұлттық қордан 5 трлн теңге жұмсалады, бірақ актив азаймайды – Ұлттық банк төрағасы
5 сағат бұрын
-
Шетелде оқитын қазақстандық студенттер 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы тиіс
6 сағат бұрын
-
ҚТЖ бейтаныс ерлер мен әйелдерді бір купеге отырғызбау мүмкіндігін қарастырып жатыр
6 сағат бұрын
-
Тоқаев жаңа Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар тапсырма берді
7 сағат бұрын
-
Салық кодексіне жаңа өзгерістер ұсынылды: не өзгеруі мүмкін
9 сағат бұрын
-
Шымкентте халықаралық деңгейдегі заманауи ғылыми хаб бой көтермек
9 сағат бұрын
-
Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы төмендеді
9 сағат бұрын
-
ҰҚК адам ұрлау мен бопсалауға қатысы бар 24 қылмыстық топты әшкереледі
10 сағат бұрын
-
Ақмола облысында 50 млн теңгеден астам субсидия заңсыз алынған
11 сағат бұрын
-
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
11 сағат бұрын
-
Путин: Ресей мен Украина өзара келісуі керек
11 сағат бұрын
-
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екінші орында келеді
12 сағат бұрын
-
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
12 сағат бұрын
-
Грузия көрерменін тәнті еткен Түркістан театры Батумиде аншлаг жасады
1 күн бұрын
-
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тыңшылық ісі: Қазақстан Өзбекстанды хабардар етті
1 күн бұрын
-
Тоқаев Құрылтайдағы Президент өкілдігінің басшысын тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев төрт министрді ауыстырды: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Семей орманындағы экологиялық саяхат балаларға ұмытылмас әсер сыйлады
1 күн бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі ауысты
1 күн бұрын
-
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін жалғастырады
1 күн бұрын
-
Мәди Такиев Қаржы министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қанат Бозымбаев вице-премьер қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер етіп қайта тағайындады
1 күн бұрын
-
Жаслан Мәдиев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды
1 күн бұрын
-
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Қазақстан Ресеймен АЭС салу жөніндегі келісімшартқа қол қойды
1 күн бұрын
-
Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Абай мектебі төңірегіндегі даудан соң Жұлдыз Сүлейменова Алматыға шұғыл барды
1 күн бұрын
-
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
1 күн бұрын
-
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
2 күн бұрын
-
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігіне қайта оралды
2 күн бұрын
-
Оқушылардың жасы ұлғайған сайын анемия мен дәрумен тапшылығы жиілей түседі
2 күн бұрын
-
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды
2 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран қайта соққы алмасты
2 күн бұрын
-
Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны сақтаудың жаңа жолын ұсынды
2 күн бұрын
-
Билл Гейтс дабыл қақты: Біз өзіміз ойлап тапқан технологияның тұтқынына айналып бара жатырмыз
2 күн бұрын
-
Пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанада баға қанша?
2 күн бұрын
-
Зеленский әуе компанияларға Ресей үстімен ұшу қауіпті екенін ескертті
2 күн бұрын
-
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды
2 күн бұрын
-
Дрондардан кибершабуылға дейін: Астанада әлемдік авиация ұйымының басшылары бас қосады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда инста-психологтар дәуірі аяқталды: бүгіннен бастап жаңа заң күшіне енді
2 күн бұрын