$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында әуе рейсі көбейеді

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында әуе рейсі көбейеді

Алматыда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның авиациялық билігі келіссөз жүргізді.

 

Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Оңтүстік Корея Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол қойды.

Бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеу алынып тасталды, бұл бәсекені арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Қос тарап өз әуе тасымалдаушыларының екі ел астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

Соңғы жаңалықтар