$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан мен Малайзия 7 салада бірлескен жобаларды іске асырады

Редакция
17 мамыр 2024 14:24 4273
Қазақстан мен Малайзия 7 салада бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Малайзия тарапы 7 түрлі салада бірлескен жобаны іске асырмақ. 17 мамырда қос ел үкімет басшыларының қатысуымен өткен инвестициялық жиында құны 350 млн доллардан асатын келісімдерге қол қойылды.

Елімізде малайзиялық капитал құйылған 48 компания жұмыс істейді. Жалпы сомасы 410 млн доллардан асатын 17 бірлескен инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш қаншалықты артуы мүмкін?

Қазақстан үшін Малайзия – туристік және білім беру хабы ғана емес, әлемдік маңызы зор ауқымды нарық. Үкімет басшысы жиын басында осыған мән берді. Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі өрбіту мақсатында Олжас Бектенов малайзиялық кәсіп иелерін қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі, қаржы, білім беру, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы серіктестікті бірлесе нығайтуға шақырды.




Соңғы жаңалықтар