Қазақстан мен Қытай сауда айналымы 31,5 млрд долларға жетті
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.
Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік- көлік ынтымақтастығын, сондай-ақ мәдени және өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар білім және ғылым, технологиялар трансфері саласындағы әріптестікті нығайтуға баса назар аударылды.
Былтырғы қорытынды бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 30% өсіп, $31,5 млрд-қа жетті. 2023 жылдың 9 айында Қазақстан экономикасына салынған ҚХР инвестицияларының көлемі шамамен $1,4 млрд-ты құрады.
Бүгінде инвестициялар көлемі $14,5 млрд-тан асатын 45 бірлескен қазақ-қытай жобасы іске асырылу үстінде. Осы жылдың 2 айында контейнерлік тасымалдау көлемі 2,6 есе өсті. Сондай-ақ сауда қатынастарының қазіргі әлеуеті тауар айналымын одан әрі әртараптандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары бар екенін көрсетіп отыр.
Келіссөз барысында өзара саудадағы шектеулерді жою, әкімшілік кедергілерді алып тастау және кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, еліміздің Қытай нарығына жоғары деңгейде өңделген ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын екені айтылды. Сондай-ақ «Бақты-Тачэн» жаңа теміржол арқылы өткізу бекетін салу, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін кеңейту және өңірлік интеграцияны дамыту бойынша транзиттік-көлік саласындағы іске асырылып жатқан қадамдар талқыланды. Оған қоса жолаушылар рейстерінің санын арттыру мәселелері қаралды.
Қазақстан Үкіметінің басшысы ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық әріптестік өсіп келе жатқанын атап өтті.
«Қазақ-қытай бірлескен жобалары нарықта сапалы және сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің аумағында 3 000 бірлескен компания табысты жұмыс істеуде. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтары серіктестігінің тұрақтылығы мен өнімділігін көрсетеді», — деді Олжас Бектенов.
Өз кезегінде ҚХР-ның ҚР-дағы Елшісі екі елдің стратегиялық әріптестігін дамыту серпіні жоғары екенін растады.
«Бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарлары екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге және дамытуға зор серпін берді. Біз Қазақстан Президенті жариялаған ауқымды экономикалық өзгерістер бағдарламасын жоғары бағалаймыз. 2029 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ-сін екі есеге ұлғайту жөніндегі биік мақсатқа қол жеткізуге әбден болады деп санаймыз», — деді Чжан Сяо.
Сондай-ақ ҚХР-ның ҚР-дағы Елшісі ауыл шаруашылығы, энергетика, жоғары технологиялар және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың кең әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту жұмысын күшейтуге дайын екендерін растады.
Соңғы жаңалықтар
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
2 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
2 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
3 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
4 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
4 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
4 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
1 апта бұрын