$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан Қырғызстанға не сатады және не алады?

Редакция
05 қыркүйек 2024 03:48 1894
Қазақстан Қырғызстанға не сатады және не алады? Сурет авторы: qaztrade.org.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы тауар айналымы жөнінде айтып берді.

Ірі позицияда айтатын болсақ, дәстүрлі түрде көмір, мұнай, металл сатамыз. Бидай, ұн секілді кондитерлік өнімдерді сатамыз. Ал Қырғызстаннан жеміс-жидек, көкеніс, сүт өнімдерін аламыз. Негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін аламыз”, – деді министр.

Қазақстанның Қырғызстанмен өзара саудасы қарқынды дамып келеді. 2020 жылдан бастап екі ел арасындағы тауар айналымы 2 есе өсіп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,6 млрд. долларға жеткен. Бұл ретте, қазақстандық тауарлардың Қырғызстанға экспорт көрсеткіші импорттан 2 есе асып, 1,1 млрд. доллар болды.

Қазақстан – Қырғызстанның Қытай мен Ресейден кейін үшінші ірі сауда серіктесі. Екі елдің басшылары 2030 жылға дейін тауар айналымын екі есеге ұлғайтуды, 3 млрд. долларға жеткізуді тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар